Депутат Қайрат Құдайберген жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды

346
25.04.2022 04:54

Алматы қаласы прокуратурасы депутат әрі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің қамауға алынуының себебін түсіндірді. Ресми хабарламада Құдайберген халықты «Дикий Арманның» маңына жиналуға үгіттеген. Оның жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруы мен қатысуы «Қазақстан» қонақ үйінен алынған видеолардан және куәгерлердің айғақтарымен дәлелденіпті. Айта кетсем, бүгін депутат Қайрат Құдайберген ұсталғаны туралы ақпарат тарап, оны  Бас прокуратура растады. Оған қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген айып тағылып отыр.