Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтындардың 54 пайызы нәзік жандар. Жыл басынан бері елімізде 2700-ден астам әйел дағдарыс орталықтарына жіберілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Әсет Оспанов мәлім етті. Оның айтуынша, тұрмыстық жанжалға көбіне ерлі-зайыптылар арасындағы проблема, сондай-ақ әке мен бала және бауырлардың арасында келіспеушілік себеп болады. Әсет Оспановтың айтуынша, қазір елімізде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау саласында 248 инспектор жұмыс істейді. Барлығы-әйел адамдар. Себебі жәбірленушілер әйел тергеушіге көбірек сенім артады. Аталған тәжірибе Түркістан облысында 2019 жылдан бері жүзеге асып келеді. Аймақта тұрмыста зәбір көрген әйелдерді қолдау мақсатында 3 дағдарыс орталығы салынбақ.
️