67 мың долларды қолдан жасағандар анықталды

303
22.04.2022 05:57

Доллар бағамы құбылып тұрғанда, оны қолдан жасағандардың жолы кесілді. Аумақтық экономикалық тергеу басқармасының мамандары қолдан жасаған 67 мың АҚШ долларын құрайтын 1200 дана шетел банкнотының көзін жойды. Оның ішінде 7 жағдай Нұр-Сұлтанда,  Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында екеу, Түркістан мен Шымкентте бір жағдай анықталған. Полицейлердің сөзінше, жыл басынан бері осындай 12 факті тіркеліпті. Қазір шетел валютасын сақтау және сатумен айналысқан күдіктілерге қарсы бұлтартпау шарасы қабылданған.