Екі қолға – бір күрек

142
02.06.2021 21:20

Биыл 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұлар – бір кездері шалыс басып, темір торға тоғытылған жандар. Енді олар да еңбекке араласа алады. Жалпы, пробация есебінде тұрған азаматтарды ортаға бейімдеу мәселесін Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қолға алған болатын. Атап айтқанда оларға аула сыпырудан бастап, жалпы тазалық мекемелерінде, тіпті білім саласында да жұмыс ұсынылады. Бүгінде бұрын істі болған 205 азамат осындай есепте тұр.