1 млрд доллар. Осынша көлемдегі сыртқа заңсыз шығарылған қаражатты елге қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубев осылай деді. Бас прокуратураның тарапынан 20-дан астам құқықбұзушылыққа байланысты іс қозғалған болатын. Бірақ министр бұл қыруар қаржыны кімдер шығарғаны туралы ақпаратты айтқан жоқ. Оны құқық қорғау органдарынан алу керек деді. Айта кетсем бұған дейін мемлекет басшысы Үкіметке заңсыз шетел асып кеткен қаржы мен сол жақта сатып алынған активтерді елге қайтару бойынша ұсыныстарды екі ай ішінде дайындауға тапсырма берген болатын.
️