Каспий құбыр желісінің бұзылуынан Қазақстан 100-150 млрд теңге жоғалтуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Оның сөзінше, әзірге нақты сандарды айту қиын, өйткені оның бәрі құбыр қанша уақытта жөнделетініне байланысты, деді ол. Еске сала кетейік, Каспий құбыр желісі консорциумында қолайсыз ауа райы салдарынан айлақтағы қондырғылардың бұзылғаны анықталған еді. Сол кезде Энергетика министрі Болат Ақшолақов апаттан бюджетке шығын келмейді деп сендірген болатын. Жалпы Каспий құбыры арқылы ай сайын 4 миллион тоннадан аса мұнай экспортталады
️