Заңсыз сауда үшін ұсталған әйел көлік астына түспек болды

284
20.04.2022 07:57

Алматыда заңсыз сауда жасағандар анықталды. Тексеруге наразылық білдірген саудагерлердің бірі тіпті көліктің астына түспекші болған. Бейнежазбадан полицейлерге наразылық білдіріп, ашуға бой алдырған әйелдің көшенің ортасына барып жатып алғанын көруге болады.  Ал полицейлер көтерме базар маңындағы тұрғындардан арыз-шағым көптеп келіп түскенін айтады. Рейд осы мақсатта ұйымдастырылған екен. Талапқа бағынғысы келмей жолға жүгірген әйелге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.