Ақтөбеде GAP қаржылық пирамидасы анықталып, қызметіне тосқауыл қойылды. Ұйымдастырушылар азаматтарға 10 пайыздық бастапқы жарнамен үй немесе көлік сатып алуды ұсынған. Осы әдіспен халықтың ұйымға деген қызығушылығын оятқан. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қаржы мониторингінің қызметкерлері GAP қаржылық пирамидасының Қостанай мен Шымкенттегі кеңселерінің қызметін тоқтатқан еді. Қазіргі уақытта аталған іс бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.
️