Самара-Шымкент тасжолындағы жантүршігерлік ірі жол апатынан жарақат алған жеті адамның бесеуі аудандық ауруханаға жеткізілген. Екі жолаушы жансақтау бөлімінде. Сайрам аудандық ауруханасының дәрігерлері осылай мәлімдеді. Естеріңізге салсам, кеше Самара-Шымкент жолында Алматыдан Шымкентке бағыт алған Toyota Alphard шағынавтобусы тасжолда HOWO жүк көлігімен соқтығысқан еді. Бір жолаушы жедел жәрдем келгенше көз жұмып, тағы 7 адам жарақат алды. Алдын-ала болжам бойынша, минивэн жүргізушісі қашықтықты сақтамаған. Ол рөлде ұйықтап кеткен болуы мүмкін. Қазір автокөліктер айыптұраққа қойылып, оқиғаның мән-жайын анықталуда.
️