Мемлекетке салықтық түсімдер артқан. Түркістан облысында жыл басынан бері салықтан 340 млн теңге қаржы өндірілді. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 3 есеге көп. Облыстағы мемлекеттік кірістер департаменті салық түсінігін мектептен бастап балалардың санасына енгізуды жөн көрген. Осы негізде оқушылар арасында “Салық сағаты” тақырыбына шығарма жаздырып, үздіктерді анықтады. Мемлекетке берер берешек жайын кеңінен насихаттаған ұстаздар мен оқушылар, еріктілер мен бұқаралық ақпарат құралдары саласының мамандары арнайы алғыс хатпен марапатталды.
️