Мемлекеттік органдар кеңсе қағазын сатып алуды 3 есеге қысқартты

611
18.04.2022 05:36

Мемлекеттік органдар кеңсе қағазын сатып алуды үш есеге қысқартады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Асқар Жамбакиннің айтуынша, 2000-шы жылдардың басында қағазсыз құжат айналымына өту мақсаты қойылған. Алайда осы күнге дейін құжаттар электронды нұсқада құрылып, қағаз түрінде басылып шығып келді. Қазір жалпы құжат айналымдарының 80%-і мемлекеттік органдардың өзара қағаз алмасуына бағытталған. Яғни бір мекеме екіншісіне хат жолдап, қажетті құжат тиісті басшылыққа жеткенше кемінде 5 түрлі сатыдан өтеді. Өйткені елімізде есеп беру жүйесі небәрі 30 процентке ғана автоматтандырылған.