Қазақстан Ресейлік "Сбер" платформасынан бас тартты

703
18.04.2022 05:35

Қазақстан ресейлік "Сбер" платформасынан бас тартты. Министрлік бұл қадамды геосаяси жағдаймен байланыстырды. Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрінің айтуынша, техникалық-экономикалық сараптама жасалуда. Қазір оның орнына жаңа платформа әзірленіп, қолданысқа енгізілмек. Ол үшін арнайы қазақстандық IT-компанияларды тартуда. Алайда атылмыш өзгеріс 2-3 жылдан кейін іске қосылады. Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан үкіметі мен ресейлік "Сбер" компаниясы арасында еліміздің цифрлық трансформациясын іске асыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған еді. Сондай-ақ платформаны іске қосуға 500 миллион теңге бөлінетіні туралы ақпарат тараған болатын.