Соңғы үш айда азық-түлік бағасы күрт өскен

251
18.04.2022 05:32

«Қазақстан тұтынушылар лигасы» қауымдастығының жетекшісі Светлана Романовская азық-түлік бағасының күрт өсуі саудагерлердің ашкөздігінен деген баға берді. Сондай-ақ наурыз айында көптеген өнімдердің бағасы 30-40 пайызға қымбаттағанын атап өтті. Оған себеп кәсіпкерлердің алдағы уақытта шетелден қымбат доллармен тауар аламыз деп топшылауында дейді ол.  Айта кетсек бір апта ішінде азық түлік бағасының өсуі бойынша Алматы мен Қарағанды облыстары көш бастап тұр. Ондағы тауардың орташа бағасына 3,5 пайыз қосылған. Ал Түркістан облысында азық түлік бағасы 2,5  Жамбыл облысында 2,2 процентке дейін өскен.  Сондай-ақ бір апта ішінде республика бойынша жүргізілген тексерулер нәтижесінде 749 кәсіпкер тауар бағасын негізсіз өсіргені анықталған.