Көлік номерін ұрлаған күдікті ұсталды

202
18.04.2022 05:30

Алматыда көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлаған күдікті қолға түсті. Оның Қарағанды облысынан келгені және тұрақты жұмыс орны жоқ екені белгілі болды. Жиналған деректерге сәйкес 26 жастағы ер адам осыдан бір апта бұрын Алматыға келген. Содан жеңіл жолмен күн көруді ұйғарыпты. Тұрғын үйлер ауласындағы бөтен көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерін шешіп алып, көліктің алдыңғы әйнегіне 10 теңгеге «сатып алу» туралы хат қалдырып отырған. Сондай-ақ оның бір ғана ауданда осындай 7 ұрлыққа қатысы бар екені анықталып отыр. Айта кетсек күдікті мұндай қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.