Түркістан
EN

Елордада алаяқ әйелдер 2000-ға жуық адамды алдап кеткен

540
18.04.2022 11:16

Қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 2 мың адамды алдап кеткендерге қатысты қылмыстық іс аяқталды. Күдіктілер уатсап және телеграмм  желілері арқылы чат ашқан. «Астана Раушан касса айналымы» деген атаумен ашылған топта 2000-ға жуық адам болған. Қазіргі таңда, қаржы мониторингі күдікті деп танылған екі азаматшаға қатысты қылмыстық істі аяқтады. Сот қылмысқа барған екі әйелдің әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айырды. Агенттік өкілдері тұрғындарды алаяқтардың айласынан аса сақ болуға шақырады. 

️