Өңірдегі қоқыс полигондарының жартысы талапқа сай емес

562
15.04.2022 05:06

Түркістан облысында 158 қоқыс полигоны бар. Оның 60% заң талаптарына сай келмейді. Бұл туралы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен экология департаментінің есебінде айтылды. Өңірдегі Жетісай, Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында да жағдай мәз емес. «Заңсыз қоқыс алаңдарының көбеюіне жергілікті билік те бұқара да кінәлі», - дейді мамандар. Сонымен қатар облыста тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу көрсеткіші де өте төмен. Өткен жылдардағы статистика бойынша, оның тек 9%-і ғана қайта кәдеге жаратылады екен.