Халалдың атын ғана жамылып, шошқа етінен жасалған шұжықтар мен консервілерді сатып келген. Ұлттық сараптама орталығының мәліметінше, доңыз еті Ресейден келетін сиыр еті консервілері мен жартылай ысталған «Мусульманская» шұжығынан табылған. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 38 ет сынамасын алыпты. Зерттеу барысында бұл өнімдердің құрамында шошқаның ДНК-сы анықталған. Енді тұтынушыларды алдаумен пайдаға қарық болуды көздеген кәсіпорындарға айыппұл салынып, өнімдер сатылымнан алынатын болады.
️