Арнайы операция нәтижесінде түрлі қару сақталған 100-ден астам жер анықталды

341
15.04.2022 05:01

Ел аумағында жүргізілген арнайы операция кезінде қару-жарақ сақталған жүзден астам орын анықталды. Жедел іздестіру барысында қару сақтауға қатысы бар 1000-ға жуық адам ұсталған. Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Полицейлердің сөзінше, ұсталғандардың көпшілігі деструктивті ағымдарды жақтаушылар мен ауыр қылмыстарға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері. Олардың арасында қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысқан күдіктілер де бар. Оларды тінту кезінде 1363 мылтық мен тағы басқа суық қарулар табылған.