Отырар ауданында балабақшағы сәби өлім аузынан қалды

899
15.04.2022 05:00

Түркістан облысында балабақшадағы бүлдіршін өлім аузынан қалды. Оқиға Отырар ауданы Шәуілдір ауылында болған. Баланың анасының сөзінше, "Болашақ" бақшасына баратын ұлын таңертеңгісін тәрбиеленушілерді тасымалдайтын көлікке салып жіберген. Сағат үштерде оған қоңырау шалып "балаңыз құлап, жарақаттанып қалды" деп хабарлапты.  Алайда бүлдіршіннің анасы баласының сау жері қалмағанын айтады. Тіпті балабақша қызметкерлері жедел жәрдем де шақырмаған. Оның  орнына сол маңдағы емшіге жамбас сүйегі салбырап қалғанына қарамастан дем салдырыпты.Облыстық балалар ауруханасына шұғыл жатқызылған сәбиге хирургтар ота жасады. Қазір оның жағдайы орташа ауыр дейді мамандар. Қазір Отырар аудандық полиция бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.