Қазақстанның 300-ге жуық елді мекенін су басу қаупі бар

416
15.04.2022 04:57

Елде су тасқыны әлі де болуы мүмкін. Өйткені 285 елдімекенге қауіп төніп тұр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Министрдің дерегінше, көктем келгелі 11 елді мекендегі 192 тұрғын үйді және 78 саяжай мен 3 әлеуметтік нысанды су басты. Мың жарымнан аса адам эвакуацияланды. Бүгінде оның біразы үйіне оралған. Сондай-ақ елді мекендердің су тасқынына дайын еместігі туралы 346 ескерту берілген.