Қазақстанға жыл басынан бері 130 мыңға жуық Ресей азаматы келген

635
14.04.2022 05:27

Жыл басынан бері Ресейден Қазақстанға 130 мыңға жуық адам келді. Ал Украинаның үш мыңнан астам азаматы елде жүр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді. Оның айтуынша бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда екі есе өсіп отыр. Сонымен қатар статистикаға сүйенсек, 170 Ресей, 7 Украина азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірген.