Доллар бағасы түссе, азық-түлік арзандай ма?

688
14.04.2022 05:18

Сауда орталықтары азық түлік бағасын өсірсе, дүкендер де тауарға қояр маржаны қолдан жасап алады. Осылай деген Сауда министрлігі сауда комитетінің өкілі Айдар Ахметбекұлы азық түлік бағасына қатысты болжам жасады. Оның сөзінше, жұрт дүрбелеңге салынып дүкенге жүгіргендіктен саудагерлер өз білген бағаларын қойып келген. Себебі олар да тауарды қымбат доллармен аламыз деп ойлаған дейді. Енді АҚШ тың көк қағаз құны едеуір төмендеген. Демек, әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағалары да қалпына келеді. Ол үшін еліміздегі барлық 761 базарды тексеріп жатқандығын айтты.