Алматыда 3 баласымен бірге терезеден секіріп кеткен әйелге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Жантүршігерлік оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 105-бабы бойынша тергеу амалдары басталған болатын. Алайда полицейлер бұл істен қылмыстық құрам таба алмаған. Естеріңізге салсам, өткен жылдың қыркүйек айында 28 жастағы әйел өзінің үш баласымен 9-шы қабаттан секіріп кеткен еді. Төртеуі де көз жұмды. Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның соңғы хаты табылды. Онда әйел ешкімді кінәламайтынын жазған. Алайда оның туыстары осы жағдайға марқұмның күйеуі кінәлі деп айтқан болатын.
️