Елімізде жыл басынан бері 2600 жол апаты болып, 400 ден астам адам қаза тапқан. Бұл туралы ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Атығай Арыстанов мәлімдеді. Кейінгі бес жылдағы ақпарат бойынша жылына екі мыңнан астам адам жол апатынан көз жұмған. 20 мыңдай азамат түрлі дене жарақатын алыпты. Аталған 2600 жол апатының 2500-і автокөлік жүргізушілерінің кесірінен болған көрінеді. Сондай-ақ жол көлік оқиғаларына ұшырайтын жүргізушілер арасында ауа райына байланысты жолдардың жабылғанына назар аудармайтындар да бар.
️