Үйінде жалған доллар жасап, сатумен айналысқан түркістандық ұсталды

763
13.04.2022 04:29

Түркістан облысының тұрғыны жалған ақша жасаумен айналысқан. Ресми мәліметке сәйкес, ер адам 9 300 доллар көлеміндегі ақшаны 100 долларлық банкнотпен сатып жатқан кезде қолға түсті. Күдікті ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы, 2-бөлігі бойынша қамауға алынды. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жалғасуда. Айта кетсем, аталған бап бойынша бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкi тәркiленеді.