Алма өсірушілер импортқа уақытша тыйым салуды сұрайды

242
13.04.2022 04:24

Бағбандар Алма импортына уақытша тыйым салуды сұрайды. Өйткені шаруалардың көбі өзі өнімін өткізе алмай отыр. Ал нарықта отандық жемістен гөрі шетелден келетін арзан алмаға сұраныс көбейген. Дүкен сөрелерінде Қытай, Қырғызстан, Иран мен өзбекстандық жемістер толы.  Сол үшін алма өсірушілері одағының төрағасы Болатбек Әлиев бағбандардың өндіріс көлемін арттыруға жағдай жасау керек дейді. Қазір елде жыл сайын 10 мың тоннадай алма өсіріледі. Тиісті қолдау көрсетілсе, оны екі есе арттыруға болады дейді мамандар.