“Amanat” партиясының атқарушы хатшысы облыс тұрғындарымен кездесті

603
08.04.2022 05:03

Түркістан облысындағы жаңа аудан орталығының жолы нашар. Шорнақ ауылының тұрғындары «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловпен кездесуде осылай деп арызданды. Ол мәслихаттағы фракцияға алдағы сессияда көше жолдарын жөндеуге керек қаражатты бөлу мәселесін қаралатынын жеткізді. Мұнан кейін Түркістанға келген Асхат Оралов өңірдің мәдениет қайраткерлері және жастармен кездесу өткізді.