Қазақстан үш ел арасындағы шекара шектеулерін алады

458
08.04.2022 05:01

Қазақстан үш мемлекеттен шекарадағы барлық шектеуді алып тастайды. Осыны мәлімдеген Прьемьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов шекараны ашу мәселесі мемлекет басшысының бақылауында екендігін айтты. Қазір Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соны ескере отырып  Ведомствоаралық комисия биылғы 11 сәуріден бастап Ресей, Өзбекстан және Қырғыз Республикаларымен құрлықтағы өткізу пунктерінде ҚР азаматтарының және   шетелдіктердің ҚР мемлекеттік  шекарасынан өтуіне қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.