Қазақстан Үкіметінің сыртқы қарызы 22 триллион теңгеге жетті

365
08.04.2022 04:50

Мемлекеттік қарыз жыл басында 22 трлн теңгеге жетті. Депутат Нұрлан Бекенов Сенат отырысында сыртқы мемлекеттік қарыздың өсуіне алаңдаушылығын білдірді. Оның айтуынша, Үкіметтің сыртқы борышы шекті мәнге жақындап келеді. Қазіргі таңда жалпы сомасы 12,2 млрд долларды құрайтын үкіметтік сыртқы 52 қарыз бар. Оның 80 пайызы ғана игерілген. Сенатор еліміздің сыртқы қарызының артуына ықпал ететін негізгі факторларды тізіп шықты.