Халықтың кірісін арттыратын бағдарлама қабылданғанмен, елдің әл-ауқаты күннен күнге төмендеп барады. Тіпті жұрттың басым көпшілігі бұл бағдарламаларға сенгілері де келмейді. Депутат Ерлан Сайыров осылай деп, шенеуніктерді бір сынап алды. Оның айтуынша, елден келетін сұрақтардың басым бөлігі табысты арттыруға, кедейлік деңгейін төмендетуге қатысты. Алайда осы мәселелерді сөз еткен депутаттар министрмен сөзге келіп қалды.
️