Ақжолтай жаңалық. Бұдан былай еліміздің әр облыс орталығынан Түркістанға тікелей әуе рейстері ашылады. Өйткені түрленген шаһарды тамашаласам деген отандық туристер саны артқан. Жұртшылыққа ұшақ билеті қолжетімді болу үшін субсидиялау мәселесі де шешілді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.
️