Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру екі есе ұлғаяды

272
07.04.2022 05:40

Биыл көктемгі дала жұмыстарына мемлекеттен 220 милиард қаражат бөлінді. Бұл туралы ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе жоғары. Сондай-ақ,  министірдің мәліметінше егістікке керек тыңайтқыштарды еліміздің барлық өңіріне жалпы 149 мың тонна тыңайтқыш жеткізілген. Оның тең жартысы оңтүстікке тиесілі. Отандық фермерлердің жаппай шағымының арқасында, еліміздегі ең үлкен Казазот компаниясы амиак селитрасының бір тонна бағасын 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге түсірген. Бүгінде Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында көктемгі егістік жұмыстары басталып кетті. Оның ішінде Түркістан облысында 848 мың гектар алқапқа егістік егу жоспарда. Шаруаларға өнім беретін тұқымдардың 50 пайызын субсиядиямен өткізбек. Бұған дейін де өңірдің шарулары тыңайтқыш пен дизель отының қымбаттығына шағымданған еді. Бұл мәселе шешімін тапты дейді өңірдің ауылшаруашылығы басшысы.