2021 жылғы әлем чемпионы қазақстандық Сәкен Бибосынов Таиландта өтіп жатқан турнирде медальсіз қалды. 52 келі салмақтағы ширек финалдық айқаста ол күтпеген жерден тайландтық Танарат Саенфетке 2:3 есебімен жеңіліп, жарысты сәтсіз аяқтады. Ал 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қолғап түйістірген Серік Теміржанов ширек финалда қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Сондай-ақ 81 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай турнирдің финалына шықты.
️