Қаңтардағы көтерілісте қаза тапқан әсерилердің отбасына баспана беріледі

234
07.04.2022 05:36

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан күш құрылымдары қызметкерлерінің отбасына пәтер беріледі. Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов осындай мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, мәселе 26 сәуірге дейін шешімін табады. Сондай-ақ премьер министрдің орынбасары аталған проблема Үкіметтің айрықша бақылауында екенін атап өтті. Еске сала кетейік, қақтығыстар кезінде қарулы күштер қатарында қызмет еткен 19 азаматымыз көз жұмды. Осы уақытқа дейін 13 отандасымыздың туған-туыстарына пәтер берілген.