Талдықорғандық тәртіп сақшылары қаңтардағы қақтығыстарды ұйымдастырып, оған белсенді қатысқан 11 бүлікшіні ұстады. Олардың кішісі- 20-да болса, үлкені 39 жаста. Ұсталғандардың қаңтар оқиғасына қатысы бар екендігі сол кезде түсірілген бейнежазбалар арқылы дәлелденді. Күдіктілерге полиция басқармасы мен облыстық әкімдік ғимаратын басып алып, әскерилер мен полицияға қарсы күш қолданды деген айып тағылып отыр. Тінту барысында ұсталғандардан екі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы мен оқ-дәрі, полицияның оқ өткізбейтін сауыттары мен арнайы құрылғылар тәркіленді.
️