Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың туғанына - 42 жыл

1316
05.04.2022 04:31

Танымал боксшы Бекзат Саттарханов тірі болғанда 42 жасқа толар еді. Былғары қолғап шебері Бекзат Сейілханұлы Түркістан қаласының қазіргі өзінің аты берілген мөлтек ауданда дүниеге келген. Бір таңқаларлығы Бекзат бокспен тек 15 жасынан бастап шұғылдана бастаған. Сөйте тұра бокс тарихында өз атын алтын әріптермен жазып қалдырған саңлақ. Ол бокстан халықаралық дәрежедегі, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері болған. Сондай-ақ, І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері. 1998 жылы өткен әлем чемпионатының, 1999 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Соңғы қатысқан 2000 жылы Сиднейде өткен 27-Олимпиада  алтын алып, ел мерейін үстем еткен батыр. Өкініштісі, спорттың бекзадасы сол жылы жол апатынан қаза тапты.