Қайрат Сатыбалдыға қарасты компаниялардың жетекшілері ұсталды. Тергеу барысында ақша жымқырудың қосымша фактілері анықталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі хабарлады. Дәлірек айтсақ, теміржол желілеріне қатысты заңсыздықтар әшкереленген. Ұсталған 2 басшы мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың көмегімен ірі кәсіпорындар үшін кірме жолдардың тарифін негізсіз көтеріп, миллиардтаған табыс тапқан. Қазір олар қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
️