Алматылық дәрігер кісі қолынан қаза тапты

791
05.04.2022 04:26

Алматыда белгілі дәрігерді атып кетті. Полиция болжамынша қылмысты оның пациенттерінің бірі жасаған болуы мүмкін. Аса ауыр қылмыстың құрбаны – дәрігер-гастроэнтеролог Юрий Шумков екені белгілі болды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Онда қаскөйдің дәрігердің басынан атқаны көрінеді. Кейін күдікті мылтығын қолына ұстап, көшеге шығып кеткен. Күдікті қылмыс орнынан таксиге отырып, қашпақ болған. Тәртіп сақшылары оны арнайы операция барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында қолға түсірді. Одан қылмыстық қару тәркіленді.