Көлсайда мұз астында қалған ит құтқарылды

376
05.04.2022 04:23

Ер адам мұздай суға батып бара жатқан итті құтқарып қалды. Уәлихан Бейсабаев —Қарағанды қаласында фельдшер болып жұмыс істейді. Ол Көлсайға әйелімен және достарымен демалуға келген. Сол кезде мұздың үстінде жүрген иттің құлап кеткенін көреді. Өз бетінше шыға алмайтынын түсінген ол бірден суға секіріп құтқаруға бекінеді. Ал достары олардың жағаға шығуына көмектесіпті.