Депозиттерге 10%-дық өтемақы қашан төленеді?

475
04.04.2022 05:09

Теңге депозиттеріне мемлекеттен салым сомасының 10%-ы көлемінде біржолғы сыйақы 1 жылдан кейін төленеді. Нақтылап айтсақ, 2023 жылдың 23 ақпанынан бастап. Бұл банк төлейтін пайыздық мөлшемеден тыс қаражат.  Ұлттық банктың хабарлауынша, 10% өтемақы бюджет қаражатынан бөлінеді. Мүмкіндік еліміздегі салымшыларды қолдау үшін ұйымдастырылған. Қазіргі таңда акт жобасы әзірленіп, шешім қабылдауға үкіметке жолданды. Депутатар дауыс берсе, қорытынды шарттары жарияланбақ. Айта кетейік, бұл доллар бағамының күрт өсуіне байланысты жасалған қадам.