Түркістан облысында өткен жылы 1670 азамат баспаналы болды. Тарқатып айтсақ, оның 2 еуі Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары берілді. Ал жетім балалармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 197 жан пәтер кілтін иемденген. Одан өзге, 830 – көпбалалы, 434 – халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы мен 203 бюджет қызметкері баспанаға қол жеткізген. Облыстық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары тұрғын үй беру саясатына қатысты сан сауалға нүкте қойды. Бөлім басшысының айтуынша, үй кезегін пара беріп жылжыту деген бос сөз. Себебі тұрғын үй кезегі республикалық базада сақталып, тұрақты тексеріледі.
️