«Жас Отан» ЖҚ “Таза сессия” акциясын бастады

261
01.04.2022 05:26

Елімізде студенттердің 12 жарым пайызы сессияны ақшамен жабады. Жоғарғы оқу орындарына жүргізілген сауалнама нәтижесі осындай. «Аманат» партиясы жанындағы Жас отан Жастар Қанаты биыл да «Таза сессия» акциясын бастады. Шараның мақсаты жемқорлық жайлаған оқу орындарын анықтау. Оған республикамыз бойынша 60-тан астам университет пен 30 мыңға жуық студент қатысады. Анонимді сауалнама нәтижесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жолданады. Естеріңізге сала кетсек, былтыр бұл акцияға 64 Жоғарғы оқу орны мен 20 мыңнан аса студент қатысқан.