Түркістан облысында конго-қырым қанды безгегінен 1 адам көз жұмды

224
31.03.2022 10:50

Түркістан облысында Конго-қырым қанды безгегіне 4 адам шалдығып, бір өлім дерегі тіркелді. Өткен жылдың статистикасы осы. Қауіпті кесел көбіне Қазығұрт пен Келес, Төлеби аудандарында байқалған.  Бүгінде өңірде кене жинаумен айналысатын зоопаразитологиялық топ бар. Олар биыл 62 елді мекенде барлау жұмыстарын жүргізген. Көктем жасыл желек пен табиғатқа демалуға шығатын мезгіл. Сондықтан ақ халаттылар эпидемиологиялық маусымды ескере отырып, тұрғындарды кене шағудан сақтануға шақырады.