Халық жаңа үйлерде жанын шүберекке түйіп өмір сүріп жатыр. Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев осылай дейді. Халық қалаулысы жақында ғана салынған баспаналардың кірпіші құлап, едені опырылғанын атап өтті. Мұндай сауалға өңірлердегі іс-сапар барысында тұрғындардың жеткізген шағымы себеп болған. Облыстар бойынша сапасыз салынған үйлер көшін Шымкент қаласы бастап тұр. Одан өзге, Өскемендегі 2018 – 2020 жылы салынған көпқабатты тұрғын үй сапасы да сын көтермейді. Ал өткен жылы Павлодарда құрылысы бітпеген 4 қабатты үй құлаған. Өкінішке орай, едені опырылған шаңырақта қаншама адам амалсыз тұрып жатыр. Сондықтан республика бойынша тұрғын үйлерді қабылдайтын органдарды жауапқа тарту қажет дейді.
️