Еліміздегі мәслихат депутаттары Түркістанда бас қосты

227
30.03.2022 06:18

Бұдан былай әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. Еліміздің әр өңірінен келген мәслихат депутаттары Түркістанда бас қосып, жолдауда айтылған мәселелерді екі күн бойы  талқылады. Бұл жүйе елдің алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады- дейді олар. Сондай-ақ, Президент осы  жолдауда  облыс және республикалық маңызы бар қала әкімі лауазымына кем дегенде екі кандидатты баламалы негізде ұсынылуы қажет деді. Осылайша, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерін мәслихаттарда қарау нәтижесін ескеріп тағайындайды.