Мұғалімдердің еңбек демалысы 56 күнге ұзарады

282
30.03.2022 06:05

Мұғалімдердің еңбек демалысы 42 күннен 56 күнге дейін ұлғаяды. Бұл туралы  мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді. Оның айтуынша оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатындағы «Жазғы мектеп» биыл 26 мамыр мен 17 маусым аралығында өтеді. Сондай-ақ мұғалімдердің оқу жүктемесі стандартты болады. Яғни 17 сағатқа дейін. Жазғы сабақ аяқталғаннан кейін бірден еңбек демалысы беріледі.