Алматыда дүлей дауыл тұрғындарды сарсаңға салды

254
30.03.2022 06:03

Дүлей дауыл Алматылықтарды сарсаңға салды. Салдарынан Оңтүстік Астанадағы ағаштардың құлап, электр жарығының өшіп қалғаны туралы хабарлар түсіп жатыр. Алматы қаласы Төтенше Жағдайлар Департаменті дауыл туралы алдын ала ескерту мақсатында хабарламалар жіберген. Оңтүстік-Батыс бағыттағы жылдамдығы 18-23 метр секунд болды деген ақпарат тарауда. Одан бөлек, қазір Алматыда нөсер жауын жауып жатыр. Сондай-ақ, таулы аудандарда түнде тұман болады деп күтілуде.