"Шаңырақ" байқауының екінші кезеңі басталды

291
29.03.2022 06:23

«Шаңырақ» кітабы жарық көрді. Өткен жылы әлеуметтік желі қолданушылары арасында дәл осындай атаумен байқау жарияланған болатын. Сайысқа қойылған негізгі талап – этносаралық қарым-қатынасты нығайту. Сондай ақ, қазақ тілінде өлең оқып, репортаж жасап, жол сапардан позитивті мақала жазу. Желіде жарияланған жазбалар жерде қалмасын деген мақсатта авторлардың туындылары жинақталған жаңа кітап оқырманға жол тартты. Таралымы 1000 дана. Ал осы жылдың 1 сәуірінен бастап аталмыш байқаудың 2 кезеңі басталмақ.