Бас мүфти кәсіп иелерін азық-түлік бағасын көтермеуге шақырды

327
29.03.2022 05:32

Рамазан айында азық-түлікті негізсіз көтеруге жол бермей, арзандатуға шақырамын! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы Наурызбай қажы Тағанұлы осындай үндеу жасады. Бас мүфти Рамазан айы биыл 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталатынын еске салды. Ал 2-мамыр- Ораза айт мейрамы. Сонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті айда сауапты амалдарды көбірек жасауға шақырды.