Ерсі би билеген мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне қарсы тергеу жүргізілуде

366
29.03.2022 05:30

Стриптиз шоу ұйымдастырғандарға қатысты тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы журналистердің сауалына жауап берген Қанат Мусин мәлімдеді. Министрдің  шүйлігетініндей бар. Өйткені ерсі қылық жасағандар мемлекеттік мекеме қызметкерлері. Ұлттық зияткерлік меншік институтының мамандары 8 наурызға орай нәзік жандыларға осындай тосынсый жасаған. Кейіннен ол видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Бейнежазба авторы «біртүрлі» сыйлыққа 15 мың теңгеден мәжбүрлеп жинағанын айтқан. Естеріңізге салайық, Ұлттық зияткерлік меншік институты - Әділет министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады.